Жаңалықтар 11.05.2015 сағат 18:00

Қызылорда облысы ауылшаруашылық саласының статистикалық есебі дұрыс жүргізілмей келеді

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы саласының статистикалық есебі дұрыс жүргізілмей келеді. Бұның салдары өңірдің жалпы көрсеткіштеріне де кері әсерін тигізуде. Осы орайда облыс басшысы жауапты мекеме басшыларымен ауыл шаруашылығы саласында статистикалық есепті жүргізуге байланысты мәжіліс өткізді. Өткен жылдары облыста мал шаруашылығы бойынша біріңғай деректер базасы жасалып, 2014 жылдың шілде айынан бастап шаруашылық кітаптарының электрондық жүйесі енгізілген. Алайда, деректерді уақытылы енгізіп, жаңартып тұру, статистикалық есепті дұрыс жүргізу жолға қойылмаған.

Облыстық статистика департаментінің бастығы Бақыт Сапар аймағымыздың ең негізгі статистикалық көрсеткіштерін саралады. Облыста ауыл шаруашылығы қарқынды өсуде, ауыл халқының тұрмыс-тірішілігінің жақсаруын байқауға болады. Алайда, аталмыш саланың статистикалық есептері, шаруашылық кітаптары аудандарда өз деңгейінде жүргізілмеген. Көрсетілген мәліметтерде сәйкессіздіктер бар, тіпті кей құжаттар дұрыс толтырылмаған. Статистика арқылы мемлекеттің даму процестері айқын көрсетілетінін ескерсек, қай салада да бұл мәселе ұқыптылықты қажет етеді. Сондықтан облыс әкімінің талабына сәйкес 1 ай ішінде барлық есеп-қисап толық ретке келуі тиіс, маусым айында аудандар мен қала әкімдіктерінің статистикалық құжаттары түгел тексерілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар