$ 498.55  524.28  4.75

Тағы бір бойжеткен оқуға түсу үшін пәктігін сатылымға шығарды

Кембридж университетіне оқуға түскісі келген италиялық бойжеткен оқу ақысын төлеу үшін өз пәктігін сатылымға шығарды. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлап отыр.

Николь деген лақап атпен танымал 18 жастағы модель эскорт қызметін көрсететін еуропалық сайттардың бірінде өз-өзіне аукцион жариялаған. Бойжеткеннің айтуынша, бүгінгі күннің өзінде оның пәктігін 1 миллион еуроға бағалаған адамдар табылыпты.

Николь өзінің қыздығын болашақ күйеуіне сақтағанын жасырмайды. Алайда, экономикалық қиындық оны соңғы қадамдарға баруға мәжбүрлепті.

«Менде жігіттер аз болған жоқ. Араларында жасы үлкендері де бар еді. Бірақ, мен пәктігімді болашақ күйеуіме, нағыз махаббатыма сақтадым», — дейді ол.

Бойжеткен оқуына ақша табу үшін интернеттен түрлі жұмыстарды іздей бастаған. Іздеу кезінде арулардың өз пәктігін аукцион арқылы сататыны туралы мақаланы оқыпты. Кейбірі тіпті бір төсек қатынасы үшін 3 миллион еуро табыс тапқан көрінеді. Мұнан кейін Николь жұмыс іздеуін доғарып, өз пәктігін аукционға шығарған.

Егер аукцион сәтті аяқталса Николь Италиядан Ұлыбританияға көшіп, Кембридж университетіне оқуға түседі. Сондай-ақ, ата-анасына үлкен үй сатып әперуді де жоспарлап отыр. Ал, қалған ақшаны бауырына көмектесу үшін жұмсайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары