Калифорния полицейлері жантүршігерлік қылмысты тергеуге кірісіп кетті. Мұнда ерлі-зайыптылар өздерінің 13 баласын үйінің қараңғы бөлмеге қамап, шынжырлап, ұзақ уақыт бойы аштықта ұстап келген. Олардың ең кішісінің жасы небәрі екіде.
Құтқарылған балалардың түрінен адам шошиды. Ата-анасы оларды адамға емес, малға беретін тамақпен асыраған. Ашыққандары сонша, балалардың денесінде тері мен сүйектен өзге дым жоқ.
Аталған қылмысты полицейлерге бірінші болып осы үйдің 17 жастағы үлкен қызы айтып келген. Ол өзінің інілері мен сіңлілері қамауда отырғанын жеткізіпті. Алайда, бойжеткенге тәртіп сақшылары сенбегенімен, үйге келген кезде олар өздері шошып қалған. Үйде 57 жастағы ер азамат пен оның 49-дағы әйелі тұрады екен. Үйді тінтіген полицейлер қуыстағы бөлмелердің бірінен шынжырланған 12 баланы тапты.
Оқиға орнына дереу жедел жәрдем жетіп, дәрігерлер алдымен балаларды тамақтандырып, артынша оларды ауруханаға алып кеткен. Көршілерінің айтуынша, ерлі-зайыптылар бұрыннан күдік туғызға екен. Алайда, олардың үстінен полицияға ешкім шағымданбапты.
Қатыгез ата-ана болса жасаған қылмыстарын толықтай мойындап отыр. Бірақ, мұндай жантүршігерлік әрекетке не үшін барғандарын түсіндіріп бере алған жоқ. Қазіргі таңда олардың ақыл-есінің сау екені тексерілуде.