Жаңалықтар 16.01.2018 сағат 16:54

Ресейде студенттер мен жұмысшыларға Путин үшін мәжбүрлі түрде қол жинатып жатыр

Алтайдың Бийск муниципалды телевидениесі президенттіктен үміткер Владимир Путинге қол жинау үшін, студенттер мен жергілікті зауыт жұмысшыларын автобуспен Путин штабына "тасып" жатыр деп хабарлады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Телевизиялық сюжет YouTube порталында жарияланған. Онда үміткер Владимир Путинге қол жинайтын орталық қаланың мәдениет сарайында орналасқаны айтылады.

Сюжетте зауыт жұмысшысының бірі Путинді қолдап, қол қоятын орталыққа бару үшін, тегін көлік қызметі ұйымдастырылғанын айтады.

Видеосюжетте мәдениет сарайының алдында жиналған халықты көруге болады. Олар бірінен кейін бірі қол қойып жатыр.

Ресейде президент сайлауы 2018 жылдың 18 наурызында өтеді. Сайлау кампаниясы былтыр 18 желтоқсанда басталып кетті. Президенттікке үміткерлер ішінде президент Владимир Путин, журналист Ксения Собчак, кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов, «Яблоко» партиясының өкілі Григорий Явлинский және т.б. бар. Президенттікке кандидат ретінде ЛДПР лидері Владимир Жириновский және КПРФ партиясы өкілі Павел Грудинин де ресми тіркелген.

Дереккөз: centralasian.org

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар