Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз, бірақ аяз болады деп жазады Sputniknews.kz.
"Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде Сібір антициклонының ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, бірақ тұман түседі. Тропосфералық ағындар бағытының өзгеруіне байланысты, ауа температурасы сәл жоғарылап, орташа көпжылдық мәнге жақын болады", — делінген хабарламада.
19 қаңтар күні республика бойынша ауа температурасы:
19 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы —20-22°C, күндіз —13-15°C.
Алматыда күн бұлтты, кей жерлерде жауын-шашынсыз, тұман түседі деп болжануда. Жел 0-5 м/с. Түнде сынап бағанасы 7-9°C, күндіз 0, —2°C көрсетеді.