$ 498.34  519.72  4.85

Қымбат көлігімен Ақорданың қақпасын соққан полицейлер жұмыстан қуылды

ҚР Президентінің резиденциясы - Ақорданың қақпасын көлікпен соғып қирата жаздаған полицейлер жұмыстан қуылды деп жазады Tengrinews.kz. Бұл жайтқа байланысты Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

"Желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні болған жол көлік оқиғасына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, келесі жағдай анықталды: Астана қалалық ІІД ӘПБ жеке мамандандырылған батальонының инспекторы, аға лейтенант Е.Иманбеков Достық көшесімен автокөлікпен келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалған және қақпаға болмашы ғана соққы жасап, оны зақымдаған. Жарақат алғандар жоқ", - деді ІІД өкілдері.

Департамент мамандарының айтуынша, осы оқиғадан кейін аға лейтенант Е.Иманбеков пен онымен бірге болған взвод командирі, полиция капитаны Г.Жұмахметов ҚР ішкі істер органдарынан жұмыстан қуылған. Сонымен қатар, қоластындағы қызметкерлеріне тәрбие жұмыстарын дұрыс жүргізе алмаған басшылар да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары