$ 449.58  486.94  4.86

Өзбекстанда заңсыз алтын өндіргендерді тас басып қалды: 20 шақты адам үйінді астында

Самарқан облысының Пахтачы ауданында бұрынғы "Каракутан" шахтасында заңсыз алтын өндірген ондаған адамды тас басып қалды. Бұл туралы Азаттық тілшілері мәлімдеп отыр.

Хабарларға қарағанда, тас астында қалған 34 жастағы тұрғын қаза тапты. Бұл ақпаратты Самарқан облысының құқыққорғау органы қызметкері растады.

"Шахтада елуге жуық адам болды дегенді естідім. Солардың отызға жуығы құтылып шыққан. Қазір жергілікті тұрғындар құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Милицияға хабар берілмеген", - деді қызметкер.

Пахтачы ауданы әкімдігінің қызметкері бұл ақпаратты растады.

"Мұндай жағдай бізде жиі болып тұрады. Алтынды заңсыз өндіргендердің туыстары милицияға хабар бермейді, өйткені олардың істеп отырғаны - заңсыз. Естуімше, төрт адам ауруханаға жеткізілген, олардың екеуінің жағдайы ауыр екен", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары