Жаңалықтар 18.01.2018 сағат 12:30

Өзбекстан президенті Ақтөбедегі апатқа байланысты үкіметтік комиссия құрды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 52 адамның өмірін қиған апат себептерін тергеу үшін премьер-министр басшылығындағы арнайы үкіметтік комиссияны жасақтады, деп жазады «ҚазАқпарат».

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасымен Премьер-министр басшылығында арнайы Үкімет комиссиясы құрылды. Оның құрамына сыртқы істер министрлігінің, төтенше жағдайлар министрлігінің, ішкі істер министрлігінің, денсаулық сақтау министрлігінің және басқа ведомстволардың өкілдері кірді», - делінген Өзбекстан ТЖМ хабарламасында.

Өзбекстан ТЖМ мәліметтеріне қарағанда, комиссияға Қазақстан өкілдерімен бірлесе отырып, апаттың туындау себептерін айқындау, ел азаматтарының тұлғасын тану бойынша шараларды жүргізу міндеттері жүктелген.

Еске салайық, төтенше жағдай Ақтөбеден 320 шақырым қашықтықта Қалыбай кентінен 10 шақырым жерде «Самара-Шымкент» тасжолында болған.

Жедел штабта белгілі болғандай, автобус жолаушылары Өзбекстаннан Ресейге күнкөріс қамымен бара жатқан. Онда Өзбекстанның 54 азаматы мен 3 қазақстандық болған. Автобуста шыққан өрт салдарынан 52 өзбекстандық қаза тапты. Тірі қалғандардың арасында 3 қазақстандық және 2 өзбекстандық бар. Оларды жеңіл деңгейде күйік шалған. Оқиғаның мән-жайы тергеу амалдары барысында анықталмақ. Осы оқиғаға байланысты арнаулы Үкіметтік комиссия жасақталды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар