АҚШ президенті Дональд Трамп Мексиканы әлемдегі ең қауіпті мемлекет деп санайды. Бұл туралы ойын ол өзінің Twitter-парақшасына жазды.
Америкалық көшбасшы екі елдің арасына міндетті түрде қорған салу керек деп есептейді. «Мексикадан жаппай есірткі тасымалын тоқтату үшін бізге міндетті түрде шекара бойын жағалай ұзын қабырға тұрғызу керек», — дейді Трамп өз жазбасында.
Айта кетейік, Дональд Трамп президент болып сайланар алдында АҚШ-ты Мексикадан бөлетін ұзын қабырға тұрғызуға уәде берген болатын.
2017 жылдың 12 шілдесінде америкалық Конгрестің аталған қабырғаны тұрғызу үшін 1,6 миллиард доллар бөлетіні белгілі болған еді. Ел президенті құрылыс жұмыстарының жақын уақытта басталатынын айтқанымен, нақты мерзім әлі белгісіз.
«Трамп қабырғасы» аталып кеткен аталған қорғанның ұзындығы 509 шақырым болады.