$ 443.85  474.3  4.8

Сальвадорлық ару сахнада өртеніп кетті (ВИДЕО)

Сальвадордың Куизнауат қаласында сұлулық байқауына қатысушы арулардың бірі сахнаға шыға салысымен отқа оранды деп жазады El Pais.

«Егістік аруы» атанған жас әйел сахнаға ерекше бас киіммен шыққан болатын. Турасын айтқанда, оның басында қауырсындардан жасалған өте үлкен бас киім болды. Ақырын басып көпшіліктің алдына келе жатқанда үлпілдеген қауырсынның бірі жанып тұрған отқа тиіп кетіп, қызыл жалын лап берді.

Аруды құтқаруға сол жердегі ұйымдастырушылардың барлығы дерлік жүгіріп келді және әйелді аман алып қала алды. Егістік аруының шашы жанып кеткені болмаса, денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары