Жаңалықтар 19.01.2018 сағат 03:29

Алматыда Range Rover КамАЗға соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды

Кеше түнде Алматыдағы "АлматыТалғар" трассасында, "Думан" шағынауданына қарсы бетте ірі жол көлік оқиғасы болып, салдарынан бір адам қайтыс болды деп мәлімдеді СТВ телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Куәгерлердің айтуынша, қара түсті Range Rover Талғар бағытында келе жатып, жоғары жылдамдықпен қар тасып жүрген КамАЗға соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан жол талғамайтын көліктің жолаушысы тіл тартпай кетті. Ал, жүргізушісі болса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда оқиға орнында жол полициясының мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар жол апатына ненің себеп болғанын анықтамақ. Алдын ала болжам бойынша, Range Rover жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келіп, тізгінге ие бола алмай қалған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар