$ 494.87  520.65  4.91

Ресейде оқушылар тағы да мектепке қарулы шабуыл жасады

Ресейдің Улан-Удэ қаласында балтамен қаруланған екі оқушы өздері оқитын мектепке шабуыл жасап, бірнеше баланы және мұғалімді жаралады. Артынша олар оқу орнына өрт қойған деп жазады «Интерфакс» Бурятияның ІІМ-не сілтеме жасап.

Қазіргі таңда оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрт сөндірілген. Мектептен барлығы 500-ден астам оқушы қауіпсіз жерге шығарылыпты.

Жергілікті «Тивиком» телеарнасының мәліметінше, үш оқушы жараланған. Олардың бірі өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Бейресми мәлімет бойынша, қарулы шабуылды осы мектептің 9-сыныбында оқитын екі оқушы ұйымдастырған. Олар ғимаратты өртеу үшін «Молотов сұйықтығын» пайдаланыпты.

Ал, РИА Новости тілшілерінің мәліметінше, мектепке шабуылды тек бір-ақ бала жасаған көрінеді. Дегенмен, бұл да нақты ақпарат емес. Өйткені, жергілікті БАҚ өкілдері олардың саны үшке дейін жетуі мүмкін екенін жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары