22-26 қаңтар аралығында Астана қаласында ауа температурасы күндіз -27...-32, түнде -35...-40 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Бұл туралы РМК «Қазгидромет» мамандары хабарлады.
Синоптиктер 22-26 қаңтар аралығында республиканың солтүстік, орталық және шығыс аумағында күн райы аязды болады деп болжайды.
«22-24 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында сынап бағанасы түнде -35...-40 градусқа дейін, ал 24-26 қаңтар аралығында -45 градусқа дейін түссе, күндіз ол -27... -32 кей жерлерде – 35 градусты көрсететін болады. Қостанай облысында ауа температурасы түнде -33...-38 градусты, күндіз -20...-25 градусты құрамақ», - делінген хабарламада.
Мамандардың атап өтуінше, дабылды ескерту ықтималдығының 95%-ды құрайды