Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Гуанхэ уездінің білім департаменті мектеп оқушыларының қысқы каникул кезінде мешітке баруларына тыйым салды деп хабарлайды Global Times. Аталған елдімекен тұрғындарының басым көпшілігі ислам дінін ұстананытын айта кету керек.
«Мектептер қысқы демалыстың уақытында оқушылардың діни нысандарға, діни білім беретін оқу орындарына бармауын қамтамасыз етуі тиіс», — делінген аталған құжатта.
Қытай заңдарына сәйкес, мемлекет дінді білім беру саласынан бөліп тастаған. Ешқандай діни ұйым немесе жеке адам білім беру жүйесіне қол сұға алмайды.
Айта кетейік, 2016 жылы Ганьсу провинциясының білім департаменті діни шаралар тек қана діни мектептерде ғана өтуі тиіс деген шешім шығарған болатын. Билік өкілдерінің мұндай шешім шығаруына интернетке тарап кеткен видеоролик себеп болды. Онда қытайлық кішкентай бала балабақшада отырып, Құран аяттарын жатқа айтады.
Жалпы, Гуанхэ уездінің 98 пайызы мұсылмандар.