$ 443.85  474.3  4.8

Непалдағы жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны тағы да өсті

Непалда 12 мамыр күні орын алған жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған адамдар саны 96-ға жетті деп хабарлайды BBC News елдің ішк істер министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрлік өкілінің хабарлауынша, құрбандар саны алдағы уақытта тағы өсуі мүмкін. Ал, жарақат алған адамдардың қатары 2,5 мыңнан асты. Непал билігі оның үстіне, сейсенбі күні жоғалып кеткен америкалық құтқарушылардың ұшағын таба алмауда. Оны іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Непалда айналдырған 20 күн ішінде екі жойқын жер сілкінісі тіркеліп, қайтыс болған адамдар саны 8 мыңнан асып кеті. Зілзала көрші жатқан Қытай мен Үндістанда да сезілген. Аталған елдерде 100-ден астам адам қайтыс болды. Ал, Непалдағы бүкіл ғимараттардың 10 пайыздан астамы зақымданған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары