$ 498.34  519.72  4.85

Алматыдағы жәрмеңкеге ОҚО-дан 202 тонна өнім әкелінеді

16 мамыр күні Алматыда Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Алматылықтар бұл күні ауыл шаруашылық өнімдерінің 45-тен астам түрін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан етіп сатып ала алады. Атап айтқанда, жәрмеңкеге ет-сүт өнімдері, жеміс-жидек пен көкөністер, шұжық өнімдері, ұн, дәнді дақылдар, өсімдік және жануар майлары және өзге де тауарлар әкелінеді деп жоспарлануда.

Бұл күні ОҚО-дан Алматыға барлығы 100 миллион теңгеге 56 тонна ет, 5 тонна сүт өнімдері, 75 тонна жеміс пен көкөніс және өзге де ауылшаруашылық өнімдері әкелінеді. ОҚО-ның 14 ауданы мен 2 қаласының шаруалары Алматыға барлығы 202 тонна экологиялық таза тауар тасымалдамақ.

Жәрмеңкенің өзі болса Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысындағы "Астана" алаңында сағат 8.00-15.00 аралығында өткізіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары