$ 498.34  519.72  4.85

Спасск полигонында әскери оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында роталық-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.Өткізілген іс-шараның мақсаты кіші құрамдағы офицерлердің қызметтік іс-қимылын күшейту, дербес жауынгерретінде олардың бөлімшелердегі рөлін арттыру болып табылады. 

Оқу-жаттығуға «Астана» өңірлік қолбасшылығының құралымдары мен бөлімдерінен 30-дан аса офицер және сержант қатысты. Аталған оқу-жаттығуға 31775 әскери бөліміндегі 1 мотоатқыштар батальонының 1 мотоатқыштар рота басшылығы жетекшілік етті.

Полигонда 12 оқу-жаттығу орны өрістетіліп, әрбіріне жауынгерлікжәне техникалық мүліктердің үлгілері қойылды. Бұл оқып үйренушілерге тақырыпты көрнекі түрде байқауға, ал жетекшілерге тиімді түрде жеткізуге мүмкіндік берді.

Осы орайда рота, взвод командирлері роталық-тактикалық оқу-жаттығудың түрлі кезеңдерінде өздерінің қызметтік міндеттері туралы нұсқаулықты тыңдап, жауынгерлік іс-қимылдың тәсілдері, жеке құраммен жұмыс жасаудың жаңа әдістері мен қызметтік міндеттерді енгізу туралы ақпараттар алды.

«Біз жиын барысында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жеке құрамды даярлау, әскери техника мен қару-жарақ мәселесін пысықтауға жіті көңіл бөлдік. Жауынгерлік өкімді алған сәттен бастап кіші офицерлік буын командирлері іс-қимыл алгоритмін дұрыс түсініп, әр бағыныстының рөлін білуі керек», - деп 31775 әскери бөлімінің командирі Нұрлан Осмонов атап өтті.

Атап айтсақ, көрсеткішроталық-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу жас офицерлердің аға буыннан тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, теориялық білімдерін нығайтуға, сондай-ақ қызметтік міндеттерін сапалы орындау үшін тиімді ақпарат алуға ықпал етті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары