$ 445.66  474.58  4.78

Белгісіз біреулер аққу мен балапанын арбалетпен атып кеткен: құстар өмір үшін жанталасып жатыр (ФОТО)

Англияның Эссекс графтығында белгісіз біреулер суда жүзіп жүрген аққу мен оның көгілдірін (балапаны) арбалетпен атқан. Садақ оғы аққудың мойнына тисе, балапанының тұмсығын тесіп өтіпті.

Жаралы құстарды жан-жануарларды қорғау ұйымының өкілдері Молдоне өзенінің жағасынан тауып алып, дереу ветеринарлық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер сол сәтте операция жасап, екеуінен де қадалған оқты алып тастады. Енді қазір емдом жүргізіп жатыр. Алайда, ветеринарлар аққулардың жазылып кетуі екіталай дейді. Бастысы дәл қазір жақсы күтім керек дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары