Атырау тұрғыны дәнекерлегіш шамның жарылып кетуінен қатты күйіп қалды, деп жазады өңірлік "Ақжайық" басылымы.
Басылым хабарлағандай, 22 қаңтарда Паровозников көшесінде тұратын ер адамның денесінің 16%-ы күйіп қалған. Зардап шегуші облыстық ауруханаға жатқызылды.
Бұдан бұрын дәнекерлегіш шам жолаушылар автобусындағы жантүршігерлік өртке себеп болған еді.