Балерина Анастасия Волочкованың бұрынғы көңілдесі оның секс-суреттерін желіге таратып жіберген. Әнші экс-сүйіктісінің бұл қылығы үшін 10 млн доллар талап етіп отыр.
Волочкова бұрынғы жігіті Чермен Дзотовтың интимдік суреттерін таратқаны үшін кешіретінін айтқан. Тек 10 млн долларды қолына ұстатса болғаны. Бұл туралы Super telegram-арнасы жазады.
«Мейлі, тергеу комитетіне не десе, о десін. Оның ақшасына күнім қарап қалған жоқ. Кешірімі де керек емес. Достарынан ала ма, жоқ бас қыла ма, маған 10 млн доллар тауып берсін. Оны қайырымдылыққа жұмсаймын. Міне, осындай кешірімді ғана қабылдай аламын», – дейді Волочкова.
Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында балеринаның интимдік суреттері желіге таралып кетті. Кейін оны Дзотовтың таратқаны белгілі болды. Бірақ сонда да Волочкованың экс-көңілдесі бұны мойындай қоймады.
Ал балерина болса, Черман Дзотовтың үстінен тергеу комитетіне арыз жазған.
Дереккөз: Life.ru