Темір жол жиегінде экстремалды селфи жасамақ болған үндістандық блогер өлім аузынан қалды. Хайдарабад қаласының тұрғыны жүріп келе жатқан пойыздың фонында суретке түспек болғанда оны пойыз қағып кетті.
Жас жігіт пойызға максималды жақындап, бірақ оған тимеймін деп есептеген болу керек. Достары оны райынан қанша рет қайтарғысы келсе де, блогер дегенінен қайтпай осы селфиді ақыры жасады. Бірақ, пойыз оны қағып өтіп, жолдың жиегіне лақтырып жіберді.
Жас жігіт айтарлықтай жарақат алмаған. Оған жедел жәрдем көмектесіп, аяққа тұрғызып жіберді. Дәрігерлер оның жағдайы бірқалыпты жақсы дегенді айтып отыр.
YouTube қолданушылары блогердің лайықты жазасын алғанын жазуда. Дегенмен, көпшілік оның тірі қалғанына таңданыстарын жасырмады.