$ 498.34  519.72  4.85

Ауыл әкімдерінің жұмысын автоматтандыру жобасы іске қосылды

Ағымдағы жылғы 16 мамырда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Аршалы ауданында ауылдық округтер әкімдерінің қызметін автоматтандыру бойынша бағдарлама пилоттық режімде іске қосылды.

Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдық округтерде тұратын жұмыссыздарды, аз қамтылған азаматтар мен жалдамалы жұмыскерлерді есепке алу. 

Бағдарлама арқылы:

-         ауылдық октугтердегі жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, аз қамтылған азаматтарды, жалдамалы жұмыскерлерді есепке алуды жүйелендіру;

-         еңбек ресурстарының теңгерімін құру;

-         тұрғындардың мақсатты топтарын жұмыспен қамтуда қолдау шараларын анықтау;

-         ішкі еңбек көші-қонын анықтау;   

-         өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарды нысандау;

-         жеке қосалқы шарушылығының бар-жоқтығы туралы мәліметтерді жүйелендіру сияқты міндеттер шемімін табады.    

Бұл бағдарлама әрбір мақсатты топ бойынша жұмыспен қамтуда нақты іс-шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Ақмола облысының Аршалы ауданында бағдарлама пилоттық режімде сынақтан өткен соң оны республиканың барлық өңірлерінде енгізу мәселесі қарастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары