Алматыда жер сілкінді. ҚР БҒМ ҒК «Сеймологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі сағат 15:20 жерасты дүмпулерін тіркеді деп жазады Қазақпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 5 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы MPV 3.7, 10 шақырым тереңдіктен білінген. Алматы тұрғындарына жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілді.
Алматы қалалық ІІД Жедел басқару орталығы мамандары қалада ешбір ғимаратқа зақым келмегенін, сондай-ақ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі таудағы гидротехникалық құрылғылардың жарылмағанын хабарлады. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.