$ 448.15  483.46  4.86

Түрік футболшысы бейтаныс бойжеткенді құтқарамын деп ажал құшты

Түркиядағы «Едикуле» футбол клубының ойыншысы достарымен бірге бейтаныс қызды қорғаймын деп, төбелесте қаза тапты.

Мас ер адам бойжеткенге пышақ ала жүгірген. Юнус Эмре Изол оны тоқтатпақ болыпты. Бірақ қаскөй оның жүрегіне екі мәрте пышақ сұғып алған. Оқиға 29 қаңтар күні Стамбұлдың Фатих ауданында кешкі сағат 11 шамасында болған. Иолдың екі досы да пышақ жарақатын алған.

38 жастағы күдікті сол сәтте ұсталған. Ол бұрын сотталған болып шықты. Оның айтуынша өзі жәбір көрсеткен қыз оның телефонын ұрлаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары