$ 448.89  477.93  4.76

Дана Нұржігіт "Үздік тележүргізуші" атанды

«Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесіне ие болған «Qazaqstan» телеарнасы танымал тележүргізуші Дана Нұржігітті де марапаттады. Бұл туралы ақпарат телеарна сайтында жарияланды.

«Бүгін, 3 ақпан күні Астанада «Халықтың сүйіктісі» жүлдесінің иегерлері анықталды. Салтанатты шарада «Qazaqstan» телеарнасы «Жыл жаңалығы», ал, осы арнадағы «Дара жол» бағдарламасының жүргізушісі Дана Нұржігіт «Үздік тележүргізуші» атағына ие болды", - деп жазылған телеарнаның instagram-парақшасында.

Айта кетейік, «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық жүлдесі 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл жүлде өз еңбегімен ерекшеленіп, көпшіліктің көңілінен шыққан азаматтар мен ұйымдарға табысталады.

«Ұлттық телеарна болғандықтан «Халықтың сүйіктісі» деген жүлде алуымыз орынды деп ойлаймын. Өздеріңіз білесіздер өткен жылы жасаған бірқатар жаңа бағдарламалар мен жобалар көрерменнің көңілінен шығып, көптеген жақсы пікірлер айтылды. Біз әрі қарай да халық назарына сапалы дүниелер ұсынып, телеарнамыздың көркеюіне атсалысамыз» деді, Ұлттық арна директоры Асқар Әшімов.

Жалпы, дауыс беруге 15 негізгі номинация ұсынылды, 150 үміткердің ішінен 20 лауреат таңдалып алынды.

Бұл жүлдені тағайындау идеясы 2011 жылы «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының жетекшісі, блогер Ғалым Байтұқтың ықпалымен жүзеге асқан болатын. Нәтижесінде жүлде іс жүзінде «Халықтың сүйіктісін» таңдауға арналған платформаға айналды.

Сонымен қатар, елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтар төмендегі номинациялар бойынша жүлдеге ие болды.

«Үздік ұстаз» аталымы - ҚР БҒМ республикалық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер; - Астанадағы Оқушылар сарайының директоры Ұмсын Арқабаева; - Астанадағы №54 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рая Келесқызы.

«Үздік дәрігер» аталымы - Алматылық хирург-маммолог, ҚР маммологтары мен радиологтары басқармасының төрағасы Шынар Талаева; - Астаналық хирург, медицина қызметінің полковнигі Ержан Шаяхметов.

«Үздік парламентарий» аталымы - ҚР Парламентінің депутаты Зағипа Балиева

«Үздік қоғам қайраткері» аталымы - «Ұлы Дала қырандары» ұлттық қозғалысының төрағасы Сәдібек Түгел

«Үздік фермер» аталымы - Арал балық өңдеу зауытының басшысы Аманбай Ерхатов «Халық сүйіктісі» мүсіншесімен және «Атамекен» ҰКП төсбелгісімен марапатталды.

«Үздік бизнесмен» аталымы - Астаналық «Jeff Tailor» тігін үйінің иесі Гаухар Өтелбаева

«Үздік fashion майталманы» аталымы - «Bibisara» брендінің дизайнері Әсем Алтынбекова

«Үздік спортшы» аталымы - Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам

«Үздік спортшы ару» аталымы - Кәсіпқой боксшы, бокстан Әлем чемпионы Фируза Шәріпова

«Үздік кино қайраткері» аталымы - Режиссер Ақан Сатаев

«Үздік публицист» аталымы - Саясаттанушы Айдос Сарым; - Әлеуметтанушы Зарема Шәукенова

«Үздік ақпарат порталы» - Tengrinews.кz сайты

«Блогосфера көшбасшысы» - Заңгер Айгүл Орынбек

«Жылдың үздік вайнерлері» - «Нагимуша» лақап атымен танымал Нағима Ахметова

Құрметті номинациялар бойынша «Жыл құрметтісі» - Украинаның «Голос. Діти» ән байқауында жеңіске жеткен қазақстандық Данэлия Төлешоваға.

«Жыл жаңалығы» - «Qazaqstan» телеарнасына

«Табыс пен даму» - «ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетіне», «Жыл меценаты» - Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы қайырымдылық қорының президенті Махмұт Нәлібаевке

«Алтын дәуір» құрметті номинациясы - танымал ақын Шөмішбай Сариевке берілді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары