Белгілі продюсер Баян Алагөзова бір кездері өзі басты рөлде сомдаған «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасы түсірілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасына жазды.
«25 жыл өте шықты. Кейіпкерлердің тағдыры не болғанын білетін уақыт келген сияқты», – деп продюсер фильмнің жалғасын күтетіндерге іздеу салды.
Еске салайық, «Махаббат бекеті» — мелодрама жанрындағы қазақ режиссері Талғат Теменовтың «Гүлназ» повесті бойынша түсірілген туындысы.
Фильм 1993 жылы жарыққа шықты. Басты рөлді Баян Алагөзова (Есентаева) сомдаған болатын.