Желіде қазақ қызы көпшілікті өзінің сүйіктісімен таныстырды. Видео Facebook-парақшасындағы «Тфай-тфай» тобында жарияланды.
Дэвид есімді жігіт видеода ұлтын сұраған екі қыздың біріне былайша жауап береді: «Сүйегім – африкалық, ұлтым – қазақ».
Айта кетейік, соңғы кездері шетелдікке тұрмысқа шыққан не жоспарлап жүрген қыздар қазақ жігіттерін қатты алаңдатып жүр. Кейбір «патриоттар» қандас қарындастарын бұл жағдайдан тыю үшін тіпті, жұдырық та жұмсап үлгерді. Осы оқиғадан кейін бойжеткендер бұған дейін жасырып жүрген сүйіктілерін көпшілікке көрсетуді қалыпты жағдайға айналдыра бастағандай.