Түркістанда таңертең жұмысқа кетіп, кешке сол күйі үйіне оралмаған ер адам өлі табылды. Қарақшылар оны айуандықпен өлтіріп, тонап кеткен деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
Полицияға 26 қаңтар күні марқұмның ұлы арызданып келген. Осыдан кейін полицейлер іздеу шараларын ұйымдастырып, қаланың іргесінен жоғалған азаматтың автокөлігін және көлік ішіндегі мәйітті табады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, көлікке айтарлықтай зақым келген.
Артынша осы қылмысқа қатымсы бар деген күдікпен үш жеткіншек ұсталып, қамауға алынды. Үшеуі де ОҚО тұрғындары. Қылмысты қарақшылық мақсатта жасағандарын айтқан.
Аталған жайт бойынша «адам өлтіру» және «қарақшылық» бабтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер болған жайттың мән-жайын анықтап жатыр.