$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаевтың кіші қызы не үшін жылады? (ВИДЕО)

Әлия Назарбаева «Ұстазды іздеу» деректі фильміне түсті. Ол фильмде тұлғаның тәрбиесіндегі ұстаздың рөлі туралы айтып берді деп жазады Stan.kz.

Деректі фильм Youtube-те жарияланды.

Биылғы жылы елордада Әлия Назарбаеваның қолдауымен Гуманистік педагогика мектебі ашылады. Мектеп жанында ата-аналар университеті де бой көтереді.

Ата-аналар мен ұстаздардың бірлесіп жұмыс істеуі әр оқушының қабілетін толықтай ашыуға мүмкіндік береді екен.

«Үлкен қызыммен әңгімелестім. Өмірімде бірінші рет қызымнан кешірім сұрадым. «Қызым, анаң да қателеседі. Мені кешірші, өтінемін», – дедім. Екеуіміз жылап алдық. Мұнан кейін ішімдегі кедергі еріп кеткендей болды. Екеуміздің қарым-қатынасымыз жақсара түсті. Оған: «Егер мен дұрыс жасамасам немесе сіңлілерің мен інілеріңе әділетсіздік танытсам, сен де маған кеңес бер. Саған сырттан бәрі жан-жақты көрінеді ғой. Бірге тырысып көрелік. Байқайсың ба, мен де сендер үшін жақсы ана болуға тырысып жүрмін», – деп айттым», – дейді Әлия Назарбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары