$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде мас әйел әскериге пышақ ала жүгірген

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімнің үш адамдық жасағына мас әйел бәкімен шабуыл жасаған деп мәлімдейді ҚазАқпарат.

Өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Виктор Маслов, Қазыбек Түйтен және Мирас Балтабеков үштігінен құрылған патрульдік жасақ Өскемен қаласының «Защита» ауданында қоғамдық қауіпсіздік күзетінде жүрген. 30 жас шамасындағы белгісіз әйел оларға пышақ ала жүгірген. «Бәрі аяқ астынан болды. Басында оның әрекеттерін түсініп үлгермедік. Өзімізді таныстырып, хал-жағдайын сұрап тұрғанымызда ол пышақ  ала жүгірді. Бәкінің ұшы әскери киімімді тесіп кетті. Осыдан кейін қасымдағы сарбаздарға оны ұстауды бұйырдым. Оны шалып құлатып, суық қаруын тартып алдық» - дейді Виктор Маслов.

Әйелдің С.О. Ильченко деген азаматша екені белгілі болған. Ол бұған дейін террорлық акт туралы жалған ақпарат бергені үшін және ұсақ алаяқтық үшін екі рет сотталыпты. Наркологиялық тексеру барысында әйелдің орташа деңгейде мас екенін анықтады. «Мұндай сәтте оқиғаны дұрыс бағалай білу керек. Нәзік жанды екен деп, сақтықты жоғалтуға болмайды. Қолында суық қаруы бар адамның бәрі қоғам үшін қауіпті. Біздің жасақ сол қауіпті өздеріне қабылдап, мас әйелді дер кезінде тынышталдырды» - дейді №5518 әскери бөлімнің батальон командирінің орынбасары Нұрлан Бәшенов.

С.О. Ильченко Үлбі полиция бөліміне табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары