Жаңалықтар 11.02.2018 сағат 12:17

Оңтүстікте екі бойжеткенді пойыздан құтқармақ болған жігіттің өзі қаза тапты

Оңтүстікте екі бойжеткенді пойыздан құтқармақ болған жігіттің өзі қаза тапты. Марқұм азамат шойын жолда студенттердің бірін аман алып қалды. Ал, тағы бір бойжеткенді құтқармақ болған кезінде оны пойыз қағып кеткен деп жазады Otyrar.kz. 

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өзінің өмірін қиып, өзгенің өмірін құтқарып қалған жігіт Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғыны Немат Махмудов. Оқыс оқиға алтыншы ақпан күні Сайрам ауданы, Ақсукент ауылынындағы темір жол аумағында болған. Дәл осы күні Немат темір жолдан өтіп келе жатып, құлаққап киген екі қызды байқап қалады. Екі бойжеткен құлаққаптан музыка тыңдап келе жатып, пойыздың дауысын естімеген көрінеді. Немат болса, ойланбастан оларды ажалдан арашалаймын деп өзі мерт болған.

«Үнемі жанындағы адамдарға көмек қолын созып жүретін. Енді өзі де біреуді құтқарамын деп бақилық болды. Екі күн ауруханада өмірімен күресіп жатты. Ақыры жан тапсырды. Ерлікпен қаза тапты. Бірақ ұлым үшін жаным ауырады. Қайғылы жағдайға байланысты полицейлерден ешкім іздеп келмеді», – дейді Нематтың әкесі.

Оқыс оқиғадан аман қалған бойжеткендердің бірінен сұхбат алдық. Бірақ студент қыз болған жағдайды басқаша баяндады. Айтуынша, Немат өзгенің өмірін құтқарып емес, темір жолдан өтіп бара жатып қаза тапқан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар