Солтүстік Уэльсте 20 жастағы мұғалім өзінің әйел екенін жасырып, екі оқушымен төсектес болған деп жазады life.ru.
Джордана Дэвидсон желіде камелетке толмаған 2 қызбен жігіт болып танысады. Тергеу мәліметінше, ол 19 жасында 13-тегі қызды алдап, жыныстық қатынасқа түседі. Ал 20 жасында 15-16 жас шамасындағы қыз баламен төсектес болады.
Мұғалім оқушы қыздармен facebook-парақшасында танысып отырған. Жәбірленушілердің бірі өзіне жігіт жазып отырғанына еш күдігі болмағанын айтады.
Жас мұғалімге бұл қылмыстары үшін екі жарым жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді. Судья жеткіншектердің өз еркімен төсек қатынасына түскенін ескере отырып, ұстазға жеңіл жаза тағайындағанын айтты.