$ 494.87  520.65  4.91

Елордада Нобель академиясының өкілдігі ашылды

Қазақстандық студенттер енді Ұлыбританияда жоғары білім ала алады. Елордада Нобель академиясының елшігілін ашудың арқасында еліміздің үздік оқушылары тағайындалған 5 грантты сарапқа салады. Түлектер маусым айында бағдарлама бойынша емтихан тапсыратын болады деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Қазақ елінің Нобель отбасымен тарихи қарым-қатынасын ескере отырып, Астана қаласында академия ашуды жөн санадық. Мұндай өкілдіктерді Алматы, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында ашу жоспарланған. Орталықта үздік оқыған студенттер Ұлыбритания мен Швейцарияның жоғары білім дипломдарына ие болады. Ең үздік оқушылар әлемнің кез-келген университетінде өз білімін жетілдіруге мүмкіндік алады, - деді Nobel International Fraternity Academy төрағасы Филип Нобель.

Бірінші кезекте, жаңа орталықта түлектер ағылшын тілін жетік меңгергенін көрсетулері керек. Студенттер орталықта экономика, бизнес және заң салаларындағы мамандықтар бойынша білім алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары