$ 494.87  520.65  4.91

Қ.Көшербаев қызылордалық жастарды әскерге шығарып салды

Егемен еліміздің айбынды әскерінің қатарына Сыр өңірінен биыл көктемде 700-ден аса азамат аттанады. Солардың бір легін бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шығарып салып, сәт-сапар тіледі.

Қазір әскерге шақырылушыларға қойылар талап күшейді. Олардың денсаулықтары құрыштай берік болуы шарт. Біліміне де барынша назар аударылуда. Бұл дегеніміз жаңа буынның сарбаздары жоғары әскери дайындықта болады деген сөз.

- Сіздер ер жетіп, бүгін әскер қатарына аттанғалы отырсыздар. Ел тыныштығын күзету - азаматтық борыш. Қазір заман тыныш. Алайда, бұл Отан күзетіндегі жауынгердің жауапкершілігін жеңілдетпейді. Алаштың анасы - Сыр елінің бүгінгі жастары алған тәлім-тәрбиесі, білімі мен өмірлік тәжірибесінің арқасында мерзімді әскери қызметін жоғары жауынгерлік деңгейде атқаратынына сеніміміз мол. Осыған орай, мен Сіздерге үлкен сенім артып «Аманат» жолдап отырмын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Әскери борышын өтеушілердің барлығына облыс әкімінің атынан Қадыр Мырза Әлінің «Алмас жерде қалмас» кітабы табыс етілді. Сонымен қатар, әскерге аттанушы сарбаздардың ата-аналары да ақ жол тілеп, Отан алдындағы борыштарын аман-есен өтеп қайтуға тілектестіктерін білдірді. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы ақ батасын беріп, сәт-сапар тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары