$ 498.34  519.72  4.85

Түркімен президентіне алтыннан ескерткіш қойылды

Түркіменстан астанасы Ашхабадта ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке алғаш рет ескерткіш орнатылды. Ол мемлекетті 2007 жылдан бері басқарып келеді. 

Тұғырымен қосқанда биіктігі 21 метр болатын ескерткіш алтынмен апталып жасалған. Онда Бердімұхамедов ақалтеке жылқысында оң қолын аспанға көтеріп отыр. Нысан Қала күні мемлекеттік мерекесінің қарсаңында ашылды.

Президентке ескерткіш қою бастамасын халық жаппай көтеріп, нәтижесінде парламент осындай шешімге келіпті.

Айта кетейік, бұған дейін ел басқарған Сапармұрат Ниязовқа Түркіменстанның барлық қаласынан ескерткіш ашылған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары