$ 448.15  483.46  4.86

СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды деп жазады sputniknews.kz. Апат салдарынан 4 адам ажал құшқан. Олардың біреуі кішкентай сәби.

Әлеуметтік желі қолданушылары Булаево-Қоскөл тас жолындағы апат орнында түсірілген видеоны жариялаған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, ВАЗ 2110 мен Volkswagen автокөлігі бетпе-бет соқтығысыпты.

ВАЗ 2110 жүргізушісі мен оның әйелі бірден ажал құшқан, "Фольксваген" жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, бір айлық сәби ауруханада шетінеп кетті, тағы екі әйел зардап шеккен – біреуі өлім ауызында жатыр, екіншісі қатты қорқып, есеңгіреп қалған", — деп жазады жол апатының куәгерлері.

СҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінде жантүршігерлік жол апаты туралы ақпаратты растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары