$ 474.83  515.38  5.5

Үстіңе еркек шыққанда! Қазақтар порнографиялық өлең шығарды

Ақындар әдетте қыздың қолынан ұстай алмаған сәттерін бейнелеп, мөлдіретіп өлең жазуға тырысатын еді. Қазір әдеби поэзиядан шаршады ма, әлде қоғамға бейімделгені ме, соңғы кездері анайы туындылар көп тарап жүр. Соның бір дәлелі - ватсаппен таралып жатқан мына бір өлең.

Ерін мен ерін шайқаспаған соң,

Жадырап жаның жай таппаған соң.

Қараңғы түнде қара тер болып,

Аяқ пен аяқ айқаспаған соң.

…Ынтығып келіп, үстіңе еркек шыққанда,

аймалап жатып, ләззат шырынын жұтқанда.

Ойласаң егер, әлемде мынау не жетсін,

Астында еркектің ай-ой, ух деп жатқанға…

«Шәйі көрпе шытыр-шытыр етеді,
Шайыр төсек сықыр-сықыр етеді.
«Келші жаным, кел тағы да» дейсің сен,
«Болды» деймін, «жоқ, осы да жетеді».
Бірде майып, бірде жеңіп-ұтамыз,
Бар бұлақтың балын бірге жұтамыз.
Алқын-жұлқын, бөрі тартқан тулақтай,
Айдалада қалған шығар лыпамыз.
Сезім — сері,
Көңіл де — тоқ,
Серт – егіз,
Ерке бала сияқтымыз, Ерке қыз.
Бұла күштің бұлқынысы шыдатпай,
Белден төмен сырғып кетті көрпеміз.
Көрікті сөз төгіледі кесте боп,
Ләззаттардың лағыл тасын тескен оқ.
Сен емініп,
Мен езіліп жатқанбыз,
О, құдірет…
Арғы жағы есте жоқ...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары