Бұл туралы Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар хабарлады.
Азия банкінің займын тарту арқылы республикалық бюджеттің қаржысына Маңғыстау облысындағы көлік инфроқұрылымын дамыту мақсатында Ақтау-Бейнеу-Атырау автожолдарын қайта жаңарту жобасы іске асырылуда.
Қазіргі таңда Бейнеу-Шетпе учаскесіндегі құрылыс аяқталуға таяп қалса, Шетпе-Жетібай-Ақтау учаскесіндегі жұмыстар жандана бастады. Сонымен қатар Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш автожолдарының және Ақтау-Ақшұқыр, Ақтау-Шапағатов селосына маршруттар қатынайтын Ақтау-Қаламқас бағытындағы тас жолдарының құрылысы жүруде.