$ 444.22  476.38  4.82

«Ақтау теңіз портында» алты өндіріс ошағы ашылады

Каспий жағалауында алғаш рет сұйық дәрілер әзірлейтін кәсіпорын, мұнай құбырлары мен оны байланыстыратын бөлшек шығаратын зауыт бой көтереді. Сонымен қатар бұл аймақта бір мезетте мыңдаған тонна азық-түлік пен көкөніс сақтайтын қоймалары бар ірі логистикалық орталық салынып жатыр. 

Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен жобасы шөлейтті өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Аймақтағы өндірістің өркендеуіне «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы зор үлес қосып отыр. 2003 жылы құрылған аймақтың аумағы 12 жыл ішінде 10 есеге ұлғайды. Осы күнге дейін мұндағы кәсіпорындар 223 млрд теңгенің өнімін өндірген. Осылайша «Ақтау теңіз порты» аймағы экономикалық һәм әлеуметтік даму көрсеткіші жағынан еліміз бойынша «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағынан кейінгі екінші орынға көтерілді. Мұнда қазір 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Онда мыңнан астам маңғыстаулық тер төгуде. Биыл тағы 400 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады. Алты бірдей инвестор «Арнайы экономикалық аймақ» аумағында жаңа жобаларды жүзеге асыруға кірісіп кетті. Ақтауда алғаш рет азық-түлік сақтайтын ірі логистикалық орталық салынып жатыр. Бұл жоба Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттері басшыларының келісім аясында жүзеге асуда. Шөлейтті өңір Маңғыстауға азық-түліктің 85 пайызы сырттан тасымалданатынын ескерсек, аталған логистикалық кешеннің өңір үшін маңызы зор. 

«Логистикалық орталыққа 4 гектар жер бөлінді. Салынып жатқан қойманың ұзындығы 196, ал ені 45 метр. Оның тең жартысында мұздатқыштар орнатылады, қалғанында құрғақ тағамдар сақталатын болады. Жаңа технологиямен салынып жатқан қойма азық-түлік, жеміс жидек пен көкөністі бірнеше ай бойына сақтауға мүмкіндік береді. Барлық жүйе автоматты басқарылады. Қазір құрылыс басында 80 жергілікті тұрғын еңбек етіп жатыр. Жұмыс осы қарқынмен жүрсе, алдағы күзде логистикалық кешен құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек», жобаның бас инженері Фархад Валадов.

Экономикалық аймақта жақын күндері тағы бір ірі зауыттың іргетасы қаланатын болды. Италия кәсіпкерлері қазақстандық әріптестерімен бірлесіп, құны 40 млн доллар тұратын жобаны іске асырмақ. Еліміздегі ірі мұнай компанияларының тапсырысына орай, қара алтын өндірісіне қажетті түрлі бөлшектер жасалады. Бұрын шетелден арнайы тапсырыспен алынатын бұл өнімдер енді Қазақстанда шығарылмақ. 

«Итальяндық компания «Тэнэрис» деген біздерге қатысушы болып ақпан айында тіркеліп, жобаны бастауға кірісті. Қазір жер жұмыстарын рәсімдеу бітті. Бұйырса осы мамыр айында құрылыс жұмыстары басталады. Жалпы бұл жоба жылдың аяғы желтоқсанда 2016 қаңтар айына дейін іске қосылады деп отырмыз», «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы Әмірбек Төлегенов.

Сұйық дәрілер мен полимер өнімдерін өндіретін қос зауыт та биыл жыл соңына дейін іске қосылады деп күтілуде. «Полиэтилен қапшықтар, бір рет қолданатын ыдыстар мен тәттілер орамасы Маңғыстауда бұрын-соңды шығарылмаған. Сондықтан да бұл өнімдерге сұраныстың жоғары болатыны белгілі»,-дейді экономикалық аймақтың басқарма төрағасы.

Айта кетейік, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты - Каспий теңізінің шығыс жағасындағы халықаралық жүк тасымалы жүйесінде аса маңызды орын алатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын. Азия және Еуропаның көптеген елдерінің су мен құрлық, темір жол, әуе жолдарының тоғысар торабында орналасқан. Ақтау қаласындағы бұл порттан кемелер Каспий теңізі арқылы Астраханға, одан Еділ-Дон каналы арқылы Қара теңізге, одан әрі Жерорта теңізіне, мұхиттарға шыға алады. 

Ақтау халықаралық теңіз сауда портынан шығатын теңіз жолдарының екеуі Иранның солтүстік айлақтарына, біреуі Бакуге жүк жеткізеді. Ақтауға келіп түскен жүк темір жол, автомобиль жолдары арқылы өз елімізге, Сібірге, Шығыс елдеріне тарайды. Қазақстан шет елдерге шикізат, әсіресе, мұнай астық өнімдерін жөнелтсе, республикаға шеттен сан алуан жабдықтар мен тауарлар тасылады. 1996 жылы Ақтау айлағы 275 мың т құрғақ жүк, 100 мың т шикі мұнай жөнелтті. Қазір жылына 300 мың т құрғақ жүк, 1,2 млн. тонна шикі мұнай тасылады. Ақтау халықаралық теңіз сауда портын жаңғырту 1999 жылы жүзеге асырылды. 1997 – 1999 жылдары портты түбегейлі дамыту және қайта жаңғырту үшін 75 млн. долл. шамасында ақша бөлінді. Қайта жаңғыртудан соң жүк тиеу кешенінің мүмкіндігін жылына 1,55 млн. тоннаға жетсе, мұнайды аударып-тиеу жылына 8,0 млн. тоннаға жетті. Сонымен бірге порттың өндірістік мүмкіндіктері ұлғайды. Порттың инфрақұрылым қызметінің сапасы, көп кескінділігі халықар. деңгейге жетті және Каспий тоннанің барлық елдері арасында беделі өсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары