25.02.2018, 10:34

Имам көмекшісі есірткі сатумен айналысқан

Өзбекстанның оңтүстігіндегі Сурхандария облысында мешіт имамының көмекшісі жергілікті тұрғындарға есірткі сатты деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлап отыр.

Полицейлердің мәліметінше, Сурхандария облысының Денау ауданында рейдтік шаралар жүргізілген. Оның барысында жергілікті тұрғындардың бірі ұсталып, одан 4,6 грамм есірткі саты тәркіленіпті.

«Тергеу барысында белгілі болғаны, ұсталған азамат есірткіні жергілікті имамның 1989 жылғы көмекшісінен сатып алған екен. Дін өкілі ұсталып, тергеуге алынды», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Кейінірек анықталғаны, мешіт қызметкерінің өзі есірткіні біреуден алып, үстіне ақша қосып сатып келген екен.

Өзбекстан заңына сәйкес, есірткіні сақтап және сатқан қылмыскерлер 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.