Ұлыбритания ғалымдары адамзат санаулы жылдардан кейін жер бетінен жойылатыны туралы мәлімдеме жариялаған.
Ғалымдардың пікірінше, әлемдік экономика кез келген сәтте қирауы мүмкін. Адамгершілік пен намыс сезімі екінші планға өтіп, саясаткерлер пайда табуға әрекет жасайды, бұл одан да күрделі қаржылық дағдарыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ адамзат үнемі соғысуда, бұл өлім деңгейінің артуы мен бала туудың азаюына әкеліп соқтырады. Бұдан басқа, зерттеушілер экологиялық фактор мен климатпен байланысты проблемаларды еске салды.
Соның қорытындысында Лондон ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері адамзат тағдыры жақын 15 жылда шешілуі мүмкін деген қорытынды жасады, деп жазады «Российская газета».