$ 446.49  475.38  4.79

Карл Фроч: Мен Головкинді жеңе аламын

WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы Карл Фроч спорттық жолын аяқтар алдындаIBF  нұсқасы бойынша әлем чемпионы Джеймс Дигейлмен немесе  орта салмақ бойынша WBA (Super) және WBС (Interim) титулдарының иегері  Геннадий Головкинмен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлады sports.kz.

- Жақын арада боксшы ретіндегі спорттан кетуге тура келеді, мұндай шешімді осы аптада қабылдайтын шығармын. Алайда қазіргі жағдай  бұл шешімге келуімді кейінге қалдыратын сыңайлы. Мен Дигейл немесе Головкинмен күш сынасқым келеді. Соңғы кездесуім қазақстандықпен болуы мүмкін. Көпшілік менің жеңетініме сенбейді. Ал бұл мені керісінше жігерлендіреді.  Мені мейлі ақымақ немесе жүректі деп атаңыздар, мен жеңе алатыныма сенімдімін, – деген Карл Фроч.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары