$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы Францияның экс-премьер-министрі Ф.Фийонды қабылдады

Елбасы Француз Республикасының бұрынғы премьер-министрі, Ұлттық жиналыс депутаты Франсуа Фийонмен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ф.Фийонның Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қоюға үлесін атап өтті. Соның арқасында бүгінде екі ел қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ тараптар Қазақстан-Франция ынтымақтастығын басымдығы бар салаларда нығайта түсу мәселелерін қозғады. Сонымен қатар Қазақстандағы француз компаниялары қызметінің негізгі бағыттары, елімізге инвестиция тарту жөніндегі шаралар қарастырылды, деп хабарлайды «akorda.kz»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары