$ 449.58  486.94  4.86

Елімізде алғашқы Авторалли додасы басталды

Каспий жағалауында «Ралли Қазақстан-2015» додасы басталды. Халықаралық ережеге сай авторалли елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп жазады sports.kz.

Жарысқа Астана, Алматы, Қарағанды және Ақтаудың командаларынан басқа Украина мен Ресейдің автошабандоздары қатысуда. Олардың барлығы әлемдік деңгейдегі додаларда тәжірибе жинақтаған спортшылар. Спортшылар шөлейтті Маңғыстау жерінде 5 күнде 5 кезең бойынша бақ сынап, жол талғамайтын көліктерімен 1775 шақырымды бағындыруы тиіс. Ақтаудан басталған раллиде автошабандоздар теңіз жағалауымен жүріп өтіп,Үстірт жазығына дейін барады. Сайысқа Ұлыбритания спорт федерациясының мамандары мен Қазақстанның авто/мотоспорт федерациясының өкілдері төрелік етеді. Авторалли жеңімпаздары 5 маусымда анықталады. Жалпы биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Ралли Қазақстан» жарысын болашақта әлемдік деңгейде өткізу жоспары бар.

Арслан Сахимов, Mobilex Racing Team командасының штурманы:

- Өте мықты машина, қара жолда жүруге жақсы. Алдағы жарыста қызық ралли көрсетейік деген мақсатымыз бар. Әр спортшының мақсаты – бірінші болып келу, бірақ көреміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары