$ 444.22  476.38  4.82

Өзін-өзі өлтірмек болған қызды полиция құтқарып қалды

1 маусым күні кешкі сағат 23:00 шамасында полицсяның кезекші бөліміне Қонаев көшесінің бойындағы көпірден шамамен 25-27 жастағы қыз өзін-өзі өлтірмек болғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына Шымкент қалалық ІІБ-нің жол-патрульдік экипажы жіберілді деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

«Бізге Қонаев көшесінің бойындағы көпірде өзін-өзі өлтірмек болған қыз жайлы хабарлама келіп түсті. Біз көпірге жақындай бере, көпірдің шетінде отырған қыздың телефонмен сөйлесіп отырғанын байқап, оны аман алып қалудың шараларын жасадық», - дейді ЖПП полиция сержанты Арсен Ахметов.

Тәртіп сақшылары қызға байқатпай, қолтығынан демеп, көпірдің қауіпсіз жағына өткізіп алады. Сөйтіп, оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, медициналық мекемеге жеткізілді.

Болған жайды анықтау барысында тәртіп сақшылары қыздан не себептен өзіне-өзі қол салмақ болғанын сұрай алмады, себебі, ол түсініктеме беретін жағдайда емес еді. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары