Бұл туралы informburo.kz-ке сілтеме жасап skifnews.kz хабарлады.
Таңғы тоғызда тест қабылдауға есігі ашылған мекемеде біраз оқушылар телефон алып кірмекші болып, ұсталып қалғанына қарамастан, ешқандай жанжал туындамады.
Барлық телефондар тәркіленіп, оқшау орынға қойылды. Барлығы 100-ден аса телефон қожайындары тест тапсырғанша бір қорапта үйіліп жатты.
Сағат 9:30-да Білім министрі тест сұрақтары тізілген буманы өзі ашты. Тестілеу бастала салысымен, сыртта ата-аналар балаларын онлайн режимінде орнатылған бейнекамералар арқылы бақылап тұруға мүмкіндік алды.
Еске салсақ, бүгін елімізде ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні аяқталды. Тест тапсырғандар нәтжелерін Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан біле алады.