$ 448.89  477.93  4.76

Үндістанда құтырған піл иесін таптап өлтірді (ВИДЕО)

Үндістанда құтырған піл фермерді таптап өлтірген сәті түсірілген видео әлеуметтік желілер арқылы тарап кетті. Оқиға Андхра-Прадеш штатындағы Бангарапет қаласында болған.

Бейнероликте алып жануардың судан шығып, фермерді таптап жатқан сәті анық көрінеді. Куәгерлер пілді үркітіп, қуып жібермек болғанымен одан нәтиже шыққан жоқ.

РИА Новостидің хабарлауынша, қайтыс болған фермер 56 жаста екен. Оны 25 ақпан күні жерлеген. Штаттың орман шаруашылығы департаменті марқұмның туыстарына 7,7 мың доллар өтемақы беруге келісіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары