$ 444.22  476.38  4.82

Гүлбаршын қалтамды қақты: Дидар Амантай әншімен жалған некеге отырғанын жайып салды (ВИДЕО)

Жазушы Дидар Амантай әнші Гүлбаршын Тергеубековамен “ажырасуына” қатысты бар шындықты жайып салды. Ол Тергеубекованың ар-намысын сақтап қалу үшін онымен жалған некеде болғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Тергеубекованың оған және отбасына қысым көрсетіп жатқанын ашық айтты.

“Енді тілшілер менің жарым Гүлмирадан сұрасын.

Ол сіздерге бар шындықты айтып береді. 2017 жылдың 24-наурызындағы жалған неке, баланың тағдыры, Гүлбаршын ойлап тапқан аңыз, отбасылық өмір жайлы айтып береді. Ол Алматыда тұрғанда мен Астана мен Семейде болдым. Меніңше, ол отбасылық өмір үшін жаратылған адам емес. Біздің ешқашан отбасымыз болған емес, бірақ оған табыс пен сәттілік тілеймін. Бірақ, шынын айтқанда, оның бұрынғы табыстары менің қалтамды қақты.

Онымен жалған некеге тұрып, оның ары мен абыройын сақтап қалдым. Мен жайлы жалған ақпарат таратып, маған қарсы пікір туғызбаса, ешқашан аузымды ашпас едім. Ол құпиямызды ашып қана қоймай, маған және менің бұзылып, қайтадан қалпына келген отбасыма қоқан-лоққы көрсетіп жатыр”, – деп жазды Дидар Амантай Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, күні кеше “Бақытты әйел” бағдарламасына сұқбат берген Гүлбаршын Тергеубекова қызғаныштың кесірінен Дидар Амантаймен ажырасып кеткенін айтқан еді.

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары