$ 444.32  473.33  4.76

Дастан Орарбеков отбасымен ауруханаға түсті

Белгілі әнші Дастан Оразбеков отбасымен ауруханаға түсті. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.

"Қайырлы күн, құрметті оқырман! Басты байлық денсаулық демекші, жанұямызбен ауруханада жатқанымызға бір апта болды. Жұрттар апталап шетелге демалысқа барса, біз алысқа бармай ауруханада демалып жүрміз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, ауруымызды тек дәрімен емес, әзілмен де емдеп жүрміз. Соңғы рет көзімнің іскеніне ауылдағы ара кінәлі болған, бүгінде бәрімізді конъюнктивит деген ара шағып алды. Дендеріңіз сау болсын!", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылар болса, бұл сәттің өткінші екенін айтып, олардың тезірек сауығып шығуларына тілеулес екендерін жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары