$ 448.89  477.93  4.76

17 жасар бозбала Алматы метросына «жарылғыш зат» қойды

Алматы метросына «жарылғыш зат» қойды деген күдікпен 17 жасар бозбала ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

 

Алдын ала тексеру бойынша, жігіт бұзақылық ниетпен жалған хабарлама берген. 

Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 279-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, Алматы метросына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат кеше кешкі 19-20-да түскен. Сол уақыттан бері қалалық ІІД арнайы құрылымдары Райымбек стансасын түгел тексерді. Жарылғыш зат табылмады.

Стансада жедел жәрдем қызметкерлері мен өрт сөндірушілер кезекшілік етті. Жолаушылардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді. Метроның өзге стансалары да жабық болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары